386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада «Сахнадан сәлем» халықаралық театр апталығы басталды

  • 570
  • UPD: 19:52, 12.06.2017

Астанада «Сахнадан сәлем» деген атаумен халықаралық театр фестивалі басталды.

Биыл дәстүрлі түрде бесінші мәрте шымылдығын түрген мәдени шараға Ресей, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан мен еліміздің бірнеше өңірінен 10-нан аса белді өнер ұжымы қатысады. Фестиваль КСРО Халық әртісі, Халық қаһарманы Әзірбайжан Мәмбетовтің 85 жылдығына арналып отыр. «Сахнадан сәлем» алаңында алғашқы болып елорданың «Жастар» театры өнер көрсетеді. Олар көрермендер назарына «Асауға тұсау» коммедиялық туындысын ұсынады.

Еркін Жуасбек, Ғ.Мүсірепов атындағы театрдың көркемдік жетекшісі:

– Бұл фестивальдің басқа фестивальдерден ерекшелігі  бұл жерде бәйге, жеңімпаз деген болмайды. Негізгі мақсат – театр өнеріндегі, оның даму бағытындағы жаңалықтардың бетін ашу. Көкейкесті мәселелерді ортаға салып, оның шешу жолдарын қарастыру.

Хабар 24 телеарнасы