389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Биле, Қазақстан-2» жобасы бишілерді іріктеуге шақырады

  • 617
  • UPD: 21:05, 13.06.2017

Алғашқы маусымы жастар арасында кең беделге ие болған «Биле, Қазақстан» жобасы жалғасын табады.

Жақын арада «Хабар» арнасы көпшіліктің қызығушылығын тудыртқан тың жобаға кастинг жариялап, жаңа таланттарды байқауға шақырады.

Би үлкен өнер. Бразилия секілді бишілер елінде тіпті ұлттық құндылық деңгейіне көтерілген. Өнердің бұл түрін бар болмысымен қабылдайтындар тек тәннің емес, жанның да сұлулығын көксейді. Мың бұралып, табиғатпен астасқан адам ғұмырын бейнелеу екінің бірінің қолынан келе бермес. Елімізде «Биле, Қазақстан» жобасының алғашқы маусымы да талай таланттарды көпшілікке танытты. Алғашқы қадамы сәтті шыққан жобаның екінші маусымы жуырда «Хабар» арнасында қайта жалғаспақ. Байқауға жасы 18-ден асқан кез келген қазақстандық қатыса алады. Оларға қойылатын талап та ортақ болмақ.

Айдос Тұрысбек, «Хабар» телеарнасының бас продюсері:

- Әрине, сайысқа түсетін адам би өнерінің қыр-сырын жақсы білуі керек. Өзінің стилімен, өзінің мәнерімен баурап алуы керек. Тек қазылар алқасын ғана емес, көрермендерді де баурап алуы керек. Өйткені жартылай финалда, финалда кімнің жеңіске жететінін көрермендер анықтайтын болады. Тікелей эфирде дауыс беру арқылы көрермен өзінің көңілінен шыққан бишісін таңдап алады.

Әр сенбі сайын эфирге шығатын жобаға өткен жылы 1000-нан астам адам қатысты. Бұл жолы да қатысушылар саны көп болады деп күтіліп отыр. Ал ең ақтық сынға тек 10 үздік биші жолдама алады.

Сандуғаш Рахымжанова, «Хабар» телеарнасының директоры:

- Үздіктердің арасынан топ жарған сайыскер әлемде үздік бестікке енген Нью-Йорктегі би мектебіндегі білім грантына ие болады.

Авторлары: Ермұхамед Мәулен, Марал Аманжол, Ерлан Наурызбаев

Хабар 24 телеарнасы