386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Астана Балет» театры Беларусь жерінде өнер көрсетті

  • 610
  • UPD: 18:33, 15.06.2017

«Астана Балет» театры  алғаш рет  халықаралық  «Балетное лето в Большом» атты фестивальға қатысып жатыр. Беларусия астанасында 18 маусымға дейін жалғасатын өнер кешіне келген Минск халқы қазақстандық театрды да асыға күтіпті.

«Астана Балет» биыл Белоруссияның үлкен театрында  қонақта болды. Қазақстандық ұжым үш күн бойы бір актілі алты пьеса мен ұлттық  хореографиядан көріністер көрсетті. Алғашқы сапарын «Ұлы дала мұрасы» қойылымынан бастаған елордалық өнерпаздар Бизе-Щедриннің «Кармен», бразилиялық хореограф Амарант Моцарттың Вивальди әуеніне қойған «Әр түрлі би» балетін де сахналады.

Мукарам Авахри, бас балетмейстер:

-Өзге елге барғанда көрермендер репертуарымызды қалай қабылдап, бағалайды екен деп уайымдаймыз. Үш күндік сапар өнерімізді шыңдауға және театр шығармашылығын паш етуге зор мүмкіндік туғызады деп ойлаймын.

Дилара Шомаева, әнші:

-Көрермендер әрқашан актердің эмоционалды шарықтауы мен энергиясын сезіп отырады. Беларусия халқының қонақжайлылығына көзіміз жетті. Сондықтан осында келгенімізге өте қуаныштымыз.

Театрдың басты бағыттарының бірі – қазақ дәстүрін насихаттау және жаңаша көзқарас қалыптастыру, әйгілі хореографтармен жұмыс істеу. «Астана Балеттің» Белоруссия үлкен театрымен арадағы ынтымақтастығы бірнеше жыл бойы жалғасып келеді.

Владимир Гридюшко, Беларусь Республикасы опера және балет театрының бас директоы:

-Біздің Қазақстанмен қарым-қатынасымыздың тығыздығы соншалық әр ай сайын балет әртістері мен әншілеріміз Астанада өнер көрсетіп жүр. Ал ондағы өнерпаздар бізге келеді.

Ұйымдастырушылар фестивальда  «Астана Балет» театрының басқалардан артықшылығын атап өтті. Яғни заманауи және этникалық хореография комбинациясын ерекше деп таныды.

Елена Крючок, көрермен.

-Өте жігерлі және стильді, қазіргі заманғы балериналар. Барлығы тамаша болды. «Астана балет» театрына қошеметіміз шексіз, есте қаларлық кеш сыйлады.

Мариня Воронич, көрермен:

-Маған Бизе-Щедриннің әуеніне қойылған «Кармен» және  хореограф пен орындаушылар ұнады. Өте әсерлі.

«Астана Балет» қорытынды концертінде өз туындыларын, атап айтсақ, «Медленный огонь» және «Туманы времени» балетін Беларусия көрермендеріне ұсынды.

Автьрлары: Мереке Жалғас, Дана Нұржан, Александр Любителев

Хабар 24 телеарнасы