383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда зағиптарға арналған көрме ашылды

  • 550
  • UPD: 13:45, 20.06.2017

Алматыдағы Әбілхан Қастеев атындағы көркемсурет мұражайында зағип жандарға арналған алғаш рет интерактивтік көрме ашылды.

Оның ерекшелігі зағип жандар атақты суретшілердің еңбектерін көре алмаса да, қолмен ұстап, өздері де қылқаламмен көшірмесін жасай алады.

Мұражайдағы белгілі қылқалам шеберлерінің шығармаларының көшірмелері арнайы зағип жандар үшін бейімделген. Қолмен сипап-сезінумен қатар Браиль харпі арқылы туындының салыну ерекшелігін біліп, сипаттай алады.

Кенжеқұл Сейітжан, көрмеге қатысушы:

- Қолмен сипау арқылы суреттеу арқылы берілмеген белгілерді сезіндім. Мысалы, аттың басын көтеріп, аузын ашып, секіріп алға қарай ұмтылып бара жатқаны. Бұл ғажап нәрсе. Одан кейін сол жағынан келген жылқышының арқан салайын деп жатқаны.

Жалпы бұл ерекше көрмені қаладағы қоғамдық қордың бірі ұйымдастырды. Таңдалып алынған 24 көркемсурет пен мүсіннің көшірмесін жасауға 2 ай уақыт кеткен.

Қасиет Омарова, «Аржан» қоғамдық қорының жетекшісі:

- Бұл көрмедегі ең қызықты жайт – үш тілдегі тифлондық түсіндірме. Соның көмегімен көркемсурет қысқаша баяндалады. Оның аудио және арнайы штрих-код нұсқасы да бар. 

Көрмені өткізуге мәскеулік шеберлер атсалысыпты. Енді осындай шараны Астанада өткізу жоспарланып отыр. 

Авторлары: Алмас Садуақас, Мади Мамбетбаев

Хабар 24 телеарнасы