384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада үздік мемлекеттік қызметшілер марапатталды

  • 755
  • UPD: 09:54, 23.06.2017

Бүгін мемлекеттік қызметкерлер кәсіби мерекелерін атап өтеді. Қазіргі таңда бұл салада 98 мыңнан астам адам еңбек етіп жүр.

Осы айтулы мерекеге орай Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы еліміздің әр аймағынан іріктелген үздіктерді құттықтады.

Сонымен қатар салада жүргізіліп жатқан реформаларды насихаттап жүрген тілшілерге де құрмет көрсетілді. «Хабар 24» арнасының бас редакторы Дархан Әбдуахит «Кәсіби мемлекеттік қызмет – бәсекеге қабілеттіліктің көзі» атты конкурстың үздік телесюжет аталымы бойынша жеңімпаз атанды. Жиында агенттік төрағасы келер жылдан бастап қызметкерлер жалақысының өсетінін жеткізді.   

Қайрат Қожамжаров, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және СЖҚ іс-қимыл агенттігінің төрағасы:

– Біз осы мемлекеттік қызметшілердің ақысын мөлшер жағынан өте үлкен көңіл аударатын боламыз. Сіздер білесіздер жаңадан әрбір біздің қызметкер өзінің еңбек нәтижесімен бағаланатын болады. Мен ойлаймын біздің еңбекақымыз біздің бүкіл керек-жағдайымызға жететіндей болып, отбасымыз, балаларымыз олар даму үшін жағдай жасайтындай деңгейге жетеміз.

Хабар 24 телеарнасы