389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атыраулық мүмкіндігі шектеулі балалар сахна майталмандарымен бірге өнер көрсетті

  • 1029
  • UPD: 21:39, 05.07.2017

Бүгін атыраулық мүмкіндігі шектеулі балалар «Екі жұлдыз» атты фестивальде сахна майталмандарымен бірге өнер көрсетті.

Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық филиалының бастамасымен жүзеге асқан қайырымдылық кеш көрермендердің ерекше ілтипатына ие болды.

Шынайы сахналық қойылымдар және ду қол шапалақ. Бүгін фестивальге қатысқан әр бүлдіршін өзін шынайы жұлдыз сезінді. Шараның басты мақсаты қоғамдық ауызбіршілікті күшейту әрі жанашыр жандарды ерекше балаларға қамқор болуға шақыру.

Әлемдік танымал әнді орындау шеберліктері көрермендердің ерекше ықыласын тудырды. Бұл жерде арнайы іс-қимыл тілін меңгерудің қажеті жоқ, оңай түсініп аласыз. Ольга Кхан мен Нұржан Бағитовқа дуэт үшін он дайындық сағаты жеткілікті болыпты.

Ольга Кхан, фестивальге қатысушы:

- Алған әсерімізді, әрине, сөзбен жеткізу мүмкін емес. Ең кереметі де Нұржанмен таныстығымыз болды. Ол өте сезімтал әрі еңбекқор. 

Ерлан Күмісқалиев, «Атырау Маленькая страна» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі:

- Біздің араларымызда жүрген, қоғамда жұрген ерекше балалар осы концертті ұйымдастырып, концертке қатысамыз деп, қиын жағдайдағы балаларға қол ұшын созып жатыр екен. Соның барлығы бағалы, жүректі қозғалтатын сезім, әсер беретін шара деп білемін.

Қайырымдылық кешінен түскен қаражатты «Атырау маленькая страна» қоғамдық бірлестігіне аудару туралы шешім қабылданды. Бұл үкіметтік емес ұйым мүгедек балаларды оңалтумен айналысады.

Авторлары: Мейрамгүл Құспан, Талғат Утегулов, Темірлан Сұлтанғазиев  

Хабар 24 телеарнасы