387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада алғаш рет «Қыз Жібек» операсы ашық аспан астында сахналанды

  • 656
  • UPD: 11:11, 06.07.2017

Бейбітшілік және келісім сарайының алдында қойылған спектаклдегі басты рөлдерді Медет Шотабаев, Сүндет Байғожин, Мәдина Исламова сынды еліміздің танымал әртістері сомдады.

Жаңа форматтағы операда заманауи техникалық мүмкіндіктер толыққанды қолданылды.

Айта кетейік, Ғабит Мүсіреповтың бұл туындысында шынайы махаббатпен қатар қазақ халқының рухани өмірі, ой қиялы және арман-мүддесі көрініс тапқан.

Сүндет Байғожин, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:

- Ең бастысы театрда емес, далада қойылым болып жатыр. Өзінің қиындықтары бар. Ерекшелігі ретінде көп көрермен келеді деген үміттеміз. Театрға жете алмайтындар осында келіп, таза ауада нағыз қазақтың туындысы Евгений Брусиловский мен Абзал Мирасбеков драма сөздерін музыкаға жатқызып, ерекше жақсы қойылым қойған болатынбыз.

Хабар 24 телеарнасы