385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Қиырдағы қазақтар» атты деректі фильмінің түсірілімі басталады

  • 916
  • UPD: 17:35, 19.07.2017

Шетелде өмір сүріп жатқан қандастарымыз туралы деректі фильм түсіріледі.

8 бөлімнен тұратын туынды Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының 25 жылдығына арналғалы отыр. Бұл туралы жоба ұйымдастырушылары Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Түсірілім қазақтар қоныстанған сегіз мемлекетте, атап айтқанда, Ресей, Түрікменстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қытай, Моңғолия, Иран мен Ауғанстанда жүргізіледі. «Қазконтент» АҚ басқарма төрағасы Евгений Кочетовтың айтуынша, National Digital History порталында экспедиция жұмысынан тікелей ақпарат таратылып отырмақшы.

Евгений Кочетов, «Қазконтент» АҚ басқарма төрағасы:

- Басты мақсат – сыртта жүрген ағайынды атажұртына кеңінен таныстыру, арадағы қарым-қатынасты дамыту. Жобаның қорытындысы туралы айтатын болсақ, оны көпшілік назарына Тәуелсіздік күні қарсаңында ұсыну жоспарланып отыр. Елбасы атап айтқандай, рухани жаңғыру деген бүкіл халқымыздың жаңғыруы. Сондықтан біз шетелдегі қандастарымызды да назардан тыс қалдырмай, арадағы ақпараттық байланысты күшейтуді, рухани тұтастыққа үлес қосуды көздеп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы