386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада №8 симфонияның премьерасы өтті

  • 619
  • UPD: 14:56, 31.07.2017

Астанада классикалық музыканың әуені асқақтады. Қазақстанның әр аймағынан жиналған 1 мың 200 музыкант танымал дирижер Алан Бөрібаевтың жетекшілігімен «Астана Опера» сахнасында австриялық композитор Густав Малердің №8 симфониясын орындады.

«Айтулы мәдени іс-шараға үш ай дайындалдық», – дейді Алан Бөрібаев. Атақты шығарманы орындау да қиын, сонымен қатар бір сахнаға мыңнан аса адамды жинау да үлкен еңбек пен жігерді қажет етеді.

№8 симфонияның премьерасы шыққалы бері шығарманы мұншалықты көп адам орындаған емес. 117 жылдық тарихы бар туындыны тамашалау үшін Голливудтың актері, «Оскар» сыйлығының иегері Эдриан Броуди де арнайы келді.   

Төлеубек Әлпиев, «Астана Опера» театрының директоры:

– Бір сағат отыз минутта сол түгел жазған Малердың ноталарды орындап бердік. Ол расында да қиын дүние. Облыстағы колледждің студенттері бар, солар үш ай емес жарты жыл бұрын ноталарын алып қарады. Латын көне тіл ғой, немісше қарап, үйренді. Бүгін соны тыңдадыңыздар.

Эдриан Броуди, актёр:

– Мен Астанада осыдан бес жыл бұрын болған едім. Сіздердің қалаларыңыздың қалай өсіп кеткеніне таң қалып тұрмын. Мұнда танымал сәулетшілердің қиялынан туған ғимараттар шоғырланған. Мен жылдам өскен тағы бір қаланы білемін, ол Лас Вегас. Алайда Астана оның рекордын жаңартты.

Хабар 24 телеарнасы