386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Опералия Пласидо Доминго» байқауы басталды

  • 600
  • UPD: 20:11, 24.07.2017

Елордада әлемге әйгілі «Опералия Пласидо Доминго» байқауы басталды.

ЕХРО-2017 көрмесі аясында ұйымдастырылған шара шілденің 29-ына дейін жалғасады. Өнер додасына 17 елден 40 орындаушы келді. Қатысушылар қатарында қазақстандық 4 өнерпаз бар. Қалыптасқан дәстүрге сәйкес, қазылар құрамын «Опера королі» Пласидо Домингоның өзі басқарады. Ал халық әртісі Бибігүл Төлегенова кештің құрметті қонағы ретінде шақырылып отыр. Ақтық сынға шыққан 10 қатысушы «Астана Опера» симфониялық оркестірінің сүйемелдеуімен өнер көрсетеді.

Пласидо Доминго, ұйымдастырушы, опера әншісі:

- Мен «Опералияның» Астанада өтіп жатқанына қуаныштымын. Мұнда 9 жыл бұрын болған едім. «Астана Опера» театрын аралап үлгердім. Осындай ғимараттың салынуы халықтың өнерге деген сүйіспеншілігі мен құрметінің көрсеткіші. Бұл байқау көптеген жас таланттардың жолын ашып, өнердің үлкен айдынына жолдама берген. Осы жолы да солай болады деп сенемін.

Хабар 24 телеарнасы