384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанаға танымал голливуд жұлдызы Джон Малкович келді

  • 610
Астанаға танымал голливуд жұлдызы Джон Малкович келді

Танымал актерді халықаралық әуежайдан ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Асқар Баталов және «Еуразия» ХІІІ халықаралық кинофестивалінің президенті Айман Мұсақожаева күтіп алды.

«Еуразия» ХІІІ халықаралық кинофестивалі өз жұмысын жалғастыруда. Бірнеше күннің ішінде бірқатар фильмдер легі қаралды. Жобаға 101 фильм қатысуда. Ал фестиваль аясында жалпы 296 картина ұсынылған. Біздің кинофорумға танымал голливудтық жұлдыздар Николас Кейдж, Эдриан Броуди қатысқан болатын.

- Бүгін танымал голливуд актері, продюсер және режиссер Джон Малкович арамызға қосылды. Ол кинофестивальдің жабылу салтанатына келді. Сондай-ақ жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне қатысатын болады. Мен оны біздің талантты жастарды кино әлеміндегі жаңа жетістіктерге ұмтылуға жетелейтініне сенемін, деп атап өтті Айман Мұсақожаева өз сөзінде.

Танымал актер Джон Малкович Қазақстанға осымен екінші рет келіп отыр. Бірнеше жыл бұрын ол Алматыдағы Қазақстан-Америка бірлескен кинофестиваліне қатысқан болатын.

- Мен Алматыда 2010 жылы болдым. Ал бұл жылы алғаш рет «Еуразия» халықаралық кинофестиваліне қатысатын боламын. Бүгін осы жерде болғаныма өте қуаныштымын. Айта кету керек, мен қазақстандық кино жөнінде аз білемін. Дегенмен Ермек Шынарбаев сияқты қазақстандық танымал кинорежиссерлермен бірнеше рет кездескен болатынмын. Ол мен қатысқан фестивальде өз фильмін ұсынды, – дейді голливудтық жұлдыз Джон Малкович.

Хабар 24 телеарнасы