378,62 431.00 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада «Опералия» байқауының финалы өтіп жатыр

  • 435
  • UPD: 21:27, 29.07.2017

Дәл осы сағаттарда «Астана Опера» театрында вокалистердің дүниежүзіндегі ең беделді байқауы – «Опералия» байқауының финалдық кезеңі өтіп жатыр.

ЕХРО 2017 халықаралық көрмесінің мәдени бағдарламасы аясындағы айтулы іс-шара елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылды. Опера әншісі әрі дирижері Пласидо Доминго негізін қалаған өнер сайысы биыл 25-ші рет қолға алынды. 18 бен 32 жас аралығындағы жезтаңдай майталмандар классикалық өнердің құдіретін паш етіп, елорда аспанында әлемдік туындылардың әуені қалықтауда. Астанадағы «Опералия» байқауына дүниежүзінің түкпір-түкпірінен 40-қа жуық дарынды вокалист келді.

Үш кезеңдік іріктеуден үздік шыққан 14 әнші бүгін финалда сайысқа түсіп жатыр. Олардың арасында қазақстандық сопрано Мария Мудряк та бар. Өнер сайысының жалпы жүлде қоры 180 мың АҚШ доллары. Үздік үштіктен бөлек, көрермен көзайымы болған өнерпаздарға да арнайы жүлделер табыс етіледі. Байқау Домингоның «Астана Опера» симфониялық оркестріне жетекшілік етуімен өтетін гала-концертпен аяқталады.

Хабар 24 телеарнасы