389,38 430,50 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Хорватияның атақты музыканттары «Астана Опера» театрында өнер көрсетеді

  • 744
  • UPD: 14:37, 02.08.2017
Хорватияның атақты музыканттары «Астана Опера» театрында өнер көрсетеді «Астана Опера» театрының баспасөз қызметі

Хорватияның талантты жас әншісі Сандра Пламенац «Астана Опера» Үлкен залы сахнасында Дж.Пуччинидің «Мадам Баттерфляй» жауһарындағы бас партияны орындайды. 6 тамызда дирижерлік тізгінді маэстро Иво Липанович (Хорват ұлттық театры, Сплит қ.) өз қолына алады.

Оның репертуарында Р.Вагнер, Дж.Верди, Дж.Пуччини, Ш.Гуно, Г.Перселл, В.А.Моцарт, П.Чайковский, У.Джордано, Ф.Альфано және басқалардың операларындағы жетекші партиялар бар.

Басты партияларды «Астана Операның» жетекші солистері орындайды: лейтенант Б.Ф.Пинкертон – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Медет Чотабаев, Сузуки – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дина Хамзина, Шарплес – Евгений Чайников. Сондай-ақ хор әртістері мен «Астана Опера» симфониялық оркестрі өз өнерлерін ұсынады. Бас хормейстер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Даутов.

Басталуы: сағат 18.00.

Ақпарат көзі: «Астана Опера» театрының баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы