386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сарайшық шаһары ашық аспан астындағы музейге айналуы мүмкін

  • 1075
  • UPD: 10:09, 18.08.2017

Еліміздегі көне қалалардың бірі қазіргі Атырау облысы аумағында орналасқан.

Қазақ хандығының астанасы болған Сарайшықта бүгінде археолог-ғалымдар қазба жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұған себеп таяуда Ресей мұрағатынан табылған ежелгі шаһардың көне сызбалары.

Ескі шаһардың орнындағы мың жарым шаршы метр аумақтағы қазба жұмыстары үзіліссіз жүріп жатыр. Ғалымдар мен тарих факультетінің студенттері аршылған жердің топырағын сүзіп, табылған әр заттың сырына үңілуде. 1,5 метрлік тереңдіктен табылған тиындар мен әшекей бұйымдарды мамандар XVII ғасырда соғылған дейді.

Бақытгүл Хасанова, облыстық тарихи-өлкетану музейі ғылыми-зерттеу секторының меңгерушісі:

Бет жағынан ортағасырлық монеталар табылып жатыр. Сонымен қатар қаптама плита табылды. Бұл сол уақытта үлкен ғимараттардың сыртын қаптаған, сырлы бояумен боялған тас.

Таяуда Мәскеу мұрағатынан көне қаланың сызбасы табылған болатын. Тарихшылардың үмітін оятқан да осы дерек. 1760 жылдары еліміздің батыс өңірін аралаған ресейлік ғалымдар тобы Сарайшық қаласының орналасу тәртібін, сақталған ғимараттарды анықтап, қажетті жерлеріне белгі соғып қойған екен. Отандық ғалымдар осы картаны кәдеге жаратты.

Марат Қасенов, Археологиялық экспедицияның жетекшісі:

– Бұл біз қарастырған Сарайшық қаласының тең жартысыснан көбін су шайып кетті деген жоба дұрыс болмай шықты. Өйткені карта бойынша Сарайшықтың 80 пайызы толық сақталғанын көрсетіп отыр. Сол карта бойынша XVIII ғасырдағы бұрын біз тек аңыз деп жүрген көптеген нәрсеyің жобасы анықталды. Ол картада Жәнібектің Cекер көлінің орны, {ан көлі деген көлдердің орны белгілі отыр. Сонымен бірге Қасымханның кесенесінің орны да осы картада жақсы көрсетілген.

Ғалымдардың тапқан тың деректері қазақ елінің тарихын зерттеуге үлес қосары анық. Көне қаладағы қазба жұмыстары қар түскенге дейін жалғасады. Экспедиция жұмысының нәтижелі жүруіне барлық жағдай жасалған. Сарайшықты зерттеу келер жылы да жалғасады. Ал одан кейінгі кезекте ежелгі шаһарды ашық аспан астындағы музейге айналдыру ісі жоспарланып отыр.

Авторлары: Бекен Әлирахым, Амантай Мәтенов

Хабар 24 телеарнасы