Келер жылы Ауғанстан халқының 50 пайызы электр қуатына қол жеткізетін болады

Халқының 40 пайызы ғана электр қуатына қол жеткізіп отырған Ауғанстан келер жылы осы көрсеткішті 50 пайызға артырмақ.

Бұл туралы EXPO қалашығында өткен Ауғанстанның ұлттық күні мерекесінде айтылды. Соңғы 10 жыл ішінде мемлекет баламалы қуат көздерін алуда көптеген жұмыс атқарған. Бүгінде Ауғанстанның энергияға деген сұранысы 1600 мегаватты құрап отыр. Оның 600-ін осы жаңғыртылатын энергиядан алады. «Бұл салаға 6 млрд доллар инвестиция құйылса, күннен 200 мың, желден 60 мың, судан 25 мың мегаватт энергия алуға болар еді», дейді шараға келген осы елдің өкілдері.