Бангладештің EXPO-дағы ұлттық күні өтіп жатыр

ЭКСПО қалашығында бүгін Бангладеш халық Республикасының ұлттық күні өтіп жатыр. Азияның оңтүстігінде орналасқан ел Астанаға өздері қолданып жүрген баламалы қуат көздерінің жобаларын әкелген. Бангладеш павильоны несімен ерекшеленеді?

Мөлдір Доспаева, тілші:

Бангладеш ұлттық күнінде осы республиканың елшісі Масуд Манан сөз сөйледі. Қазір Бангладеште 400 млн жел станциясы бар. Жалпы Бангладеш – аграрл ел. Мұнда синтетикалық қоспасыз мақта-мата мен теріден табиғи өнімдер тігіп шығарады. Сондай-ақ Бангладеш әлемдегі ең кедей елдер қатарына жатады. Себебі мұнда адам басына шаққандағы жылдық табыс 235 доллар ғана болады. Есесіне бангалдар жылына 2-3 рет егін жинайды. Мұнда көптеген тропикалық және экзоткалық жеміс-жидек өсмеді. Бангладеш АҚШ, Еуропа, Қытаймен сауда-саттық бойынша араласакды. Ал Қазақстанмен 1992 жылдан бері дипломатиялық байланыс орнатқан.