Польша Қазақстанмен экономикалық байланысты бекемдеуге мүдделі

Күллі әлем көз тіккен «ЭКСПО» халықаралық көрмесінде тың технологияларды паш етіп ғана қоймай, инвестициялық ахуалды оңалтып экспорт әлеуетін арттыруға ниеттіміз дейді олар.

Бұл туралы EXPO көрмесіндегі поляк секциясының бас комиссары Анджей Стефаньски мәлімдеді. Поляк елінің EXPO-дағы ең басты оқиғасы Польша Президенті Анджей Дуданың Астанаға келуі болмақ.  Осы орайда тараптар   6-7-ші қыркүйек күндері Қазақстан Польша бизнес форумын  өткізуді жоспарлаған. Ресми мәлімет бойынша биылғы  жарты жылдықтың өзінде  тауар айналымы 600 млн еуродан асқан. Көрсеткіш 2016 жылмен салыстырғанда 75 пайызға ұлғайған.

Анджей Стефаньски, «ЭКСПО-2017» көрмесіндегі польяк секциясының бас комиссары: 

- Польша Қазақстан нарығындағы сұранысқа ие сапалы тауарлардың барлығын ұсына алады. Біз тек баршаға белгілі алма, алмұрт, көкөністер мен сүт өнімдерін және шоколад сынды экологиялық таза тауарлармен шектеліп қалмауымыз керек. Біздің алға қойып отырған мақсатымыз екі жақты алыс-берісті арттыру.