EXPO 2017: Орталық Африка Республикасының ұлттық күні атап өтілді

Орталық Африка Республикасы баламалы энергия көздерін пайдалануға ерекше ден қойып отыр.

Өйткені ел астанасы Банги мен өзге де қалаларды жарықтандыру мәселесі өте өзекті. Осы мақсатта күн панельдері паркін жасақтамақ. Сондай-ақ ел үкіметі баламалы энергия көздерін пайдаланудағы озық жобаларын жүзеге асыру мақсатында инвесторлар тартуды көздейді.

Айта кетейік, бұл мемлекеттің павильоны 21 елдің экспозияциялары орнластырылған Африка Плазасында орналасқан. Орталық Африка Республикасы табиғи ресурстарға өте бай. Бұл ел алмаз, уран, алтын мен мұнай өндіреді. 

Коягазомо Джоахим, ОАР Сауда және индустрия министрлігінің сауда инспекторы: 

- Орталық Африка Республикасының басым бөлігі орманды әрі судың қоры да мол. Нақтырақ айтсақ , ел аумағының 5 млн гектар жері орманды алқап. Сондықтан Баламалы энергия көздерін дамыту біз үшін маңызды болмақ.