EXPO-да өзін энергиямен толықтай қамтамасыз ететін тұрғын үй кешені таныстырылды

EXPO 2017

Жаңа қалашық австриялық делегацияның арнайы сапары кезінде көрсетілді. Себебі жоба осы мемлекеттің компаниясымен бірігіп, жүзеге асырылып отыр.

Көрменің жанында бой көтеретін қалашықта еуропалық дизайн мен инженерия негізінде жасалған 200 үй тұрғызылады. Әр ғимаратта күн және жел энергиясын пайдалану арқылы барлық жылуды қамтамасыз ететін «ақылды жүйе» енгізіледі. Ал құрылыстың геометриясы энергиялық шығындарды барынша қысқартуға бағытталған. «Тіпті экологиялық үйлер Астананың қақаған аязында да өмір сүруге өте жайлы болады», – дейді мамандар.

Айта кетейік, Австрияда барлық энергияның үштен бір бөлігі баламалы қуат көздеріне тиесілі. Вена қаласының «ақылды шаһарлардың ондығына» енуі соған дәлел.