Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 142
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 137
389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астана төрінде әйгілі «№9 Симфония» қойылымы сахналанды

  • 645
  • UPD: 23:27, 07.09.2017

«Астана Опера» сахнасында әйгілі «№9 Симфония» спектаклі көрермен назарына ұсынылды.

Әлемдік классика жауһарын орындауға Ла Скала театрының симфониялық оркестрі мен хоры қатысты. Алғаш рет симфонияға вокалистер тартылды. Бетховен музыкасының желісімен қойылған туынды көрермен көңілін еріксіз баурап алды.

Айта кету керек, әйгілі миландық Ла Скала театрының опера труппасы хор мен симфониялық оркестрі Астанаға гастрольдік сапармен келген болатын. Мәдени апталықтың шымылдығы Джузеппе Вердидің қызыққа толы «Фальстаф» операсымен ашылған.

Бруно Казони, Ла Скала театрының хормейстрі:

- «Астана Операда» өнер көрсету бізге ерекше шабыт береді. Себебі мұнда залдың акустикасы кең, дыбыстар да таза шығады. Сондықтан да тыңдарман әр аспаптың дыбысын анық ажырата алады. Көрермен үшін бар өнерімізді ортаға салуға тырысамыз. Мұнда бізге бәрі ұнайды.

Хабар 24 телеарнасы