388,81 430,50 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде III халықаралық «Ақ Ертіс» фестивалі ұйымдастырылды

  • 997
  • UPD: 22:08, 09.09.2017

Облыстық драма театр сахнасында еліміздің және Башқұртстан, Түркия, Армения мен Италияның классикалық музыка майталмандары бас қосты.

Классика – өнердің шыңы. Ал «Ақ Ертіс» әлемдік опера майталмандарының басын қосатын бірегей фестиваль. Опера тыңдармандары мен классикалық музыка жанашылары бұл күні Верди, Моцарт, Штраустың шығармалары, «Кармен» қойылымынан үзінді тыңдады.

Сүндет Байғожин, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:

Шынында да классика өнері басқа өнерге қарағанда ерекше. Көп жұмыс талап етеді, өзінің тыңдармандары бар. Сол себепті классика өнері мәңгілік болатынына кәміл сенімдімін.

Журналистермен кездесу барысында әлемдік классика дүлдүлдерімен тең дәрежеде өнер көрсетіп жүрген Айман Мұсаходжаева, Альфия Каримова, Шахимардан Әбілов сынды майталмандар дәстүрлі фестиваль деңгейін жоғары бағалады.

Шахимардан Әбілов, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:

– Әрқашан классикалық музыканың мәні көп. 50 елдің қатарына қосыламыз десек, тек қана экономика мен саясат емес, өнеріміз де алда болу керек.

Құлақтан кіріп, бойды алар әсем әуенге еліткен халықтың ықыласы шексіз.

Лаура Қадірова, Семей қаласының тұрғыны:

– Бүгінгі фестивальді тамашалап отырғаныма өз басым қуанамын. Өйткені бүкіл республикамыздың белгілі опера жанрындағы әншілеріміз келіп, үлкен оркестрмен бүкіл халыққа өнерлерін көрсетіп жатыр.

Өр Алтайдың төрінде ұйымдастырылып келе жатқан дәстүрлі шара шығысқазақстандықтарды классикалық музыкамен сусындатып, өнер заңғарына жетелейді.

Авторы: Мерей Мұратханқызы, Дмитрий Пыхтин

Хабар 24 телеарнасы