387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оман халқы «Астана Опера» театрының өнеріне аса жоғары баға берді

  • 772
  • UPD: 08:39, 04.10.2017

«Астана Опера» театры гастрольдік сапармен Оман елінде болып қайтты.

Қазақстандық өнер ұжымы 28-30 қыркүйекте Корольдіктің опера театрында өнер көрсетті. Балет труппасы әлемдік классика жауһары Петр Чайковскийдің «Аққу көлі» спектаклінің премьерасын сахналады. Маскат жұртшылығы «Астана Опера» театрының өнеріне, қойылымға аса жоғары бағасын берген. Бұл туралы театр әртістері тілшілермен өткен баспасөз мәслихатында айтты. Аққулардың жас ханшайымы партиясын Мәдина Басбаева мен Әйгерім Бекетаева орындаған. «Астана Опера» театрының ұжымы Оманға Корольдіктің опера театрының арнайы шақыруымен барды. Айта кетейік, «Астана Опера» 20 қазан күні мерейтойлық бесінші маусымын ашады. Жаңа маусымда Жорж Бизенің «Кармен» операсының премьерасы қойылмақ. Бұдан бөлек опера, балет труппаларының гастрольдік турлары жоспарланған.

Төлеубек Әлпиев, «Астана Опера» театры директорының бірінші орынбасары:

– Президенттің мақаласы «Рухани жаңғыру» аясында Оманға барып келдік. Осы мақаланы іске асырдық. Бұл жай гастроль емес, жасырын емес. Бір жаққа шақырса, бүкіл шығындар бізден болатын. Оманға жасаған сапарымыздың барлық шығындарын өздеріне алды. Ол жақта Англия, Америкадан келіп өнер көрсетеді. Барып келгеніміз бізге жақсы, Оман 2019-2020 жылға тағы шақырып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы