Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 137
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Қазақфильм» туындылары «Бродвей» кинопорталында көрсетіледі

  • 1272
  • UPD: 22:13, 10.11.2017

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының туындылары ғаламтордағы көрерменге жол тартты.

Қазақфильмнің 1935 жылдан бері түсірген ленталары бүгіннен бастап «Бродвей» кинопорталының онлайн-кинотеатрында көрсетілетін болды.

Биыл тамыз айында «Қазақфильм» киностудиясы мен Бродвей кинопорталы барлық видеоконтентті интертентке шығару туралы келісімшартты бекіткен. Осы уағдаластыққа сай, цифрлы форматқа көшірілген 645 фильм ғаламторға жүктелді. Олардың арасында көркем, деректі және анимациялық фильмдер бар.

Әнуар Кенжібаев, «Бродвей» кинопорталының бас директоры:

- Мен өз көрермендерімізді табамыз деп есептеймін. Біздің қолға алған жобамыз сұранысқа ие болады. Өйткені киноиндустрияның екінші нарығында бізден басқа ешкім әрі ешнәрсе жоқ. Баяғыдағы DVD дискілердің уақыты өтті. Басқа лицензиялық сайттар да жоқ. Әзірге тек brod.kz кинопорталы жұмыс істеп тұр.

Келісімшартқа сәйкес, brod.kz сайтын пайдалану ақылы. Бірақ бағасы қымбат емес. Деректі фильм көргіңіз келсе 20, ал «Қазақфильмнің» соңғы түсірген туындысымен танысамын десеңіз, 350 теңге төлейсіз.

Айнұр Исаева, «Қазақфильм» киностудиясы баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Біз үшін бұл – өте маңызды іс-шара. Бұл – «Қазақфильмнің» туындылары қалың көрермендерге жақындай түсті деген сөз. Әрине, біз осы порталға цифрланған фильмдерімізді, тағы да жаңа фильмдерді салып беріп отыратын боламыз.

«Бродвей» кинопорталы – «Қазнеттегі» ерекше жобаның бірі. Сайт отандық кинематография саласындағы соңғы жаңалықтар мен өзекті мәселелерді де көтереді. Келісімшартқа сәйкес, «Бродвей» кинопорталы киностудия жобаларына ақпараттық қолдау көрсетіп, фильмдерді заңсыз пайдаланудан қорғайтын болады.

Авторлары: Ұлан Нарынбек, Ерлан Әбжанов

Хабар 24 телеарнасы