375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралда Х.Бөкееваның 100 жылдығына арналған театрлар фестивалі аяқталды

  • 720

Оралда Қазақстанның Халық әртісі Хадиша Бөкееваның 100 жылдығына арналған облыстық театрлар фестивалі өз мәресіне жетті.

Өңірлік деңгейдегі өнер бәсекесінің мақсаты – ауыл-аймақтағы театр ұжымдарының кәсіби шеберлігін шыңдау. Байқауға облыстың барлық аудандарынан 11 өнер ұжымы қатысты. Соның тоғызының халықтық атағы бар. Жалпы облыс бойынша 124 драма ұжымы жұмыс істейді. Қазылар алқасы фестивальге қатысушы ұжымдардың қойылымға сай киім үлгілеріне сахна мәдениетін меңгеруіне және актерлердің әртістік шеберліктеріне ерекше мән берді. Ал көрермен назарына Георгий Хугаевтың «Қара Шекпен» туындысын ұсынған теректілік «Дат» театры фестивальдің бас жүлдесін еншіледі.

Жарқынбек Шынтаев, Бөрлі аудандық мәдениет үйінің қызметкері:

– Хадиша Бөкееваның 100 жылдық мерейтойына байланысты Бөрлі ауданы Ақсай қаласынан Әбділдә Тәжібаевтың «Көңілдестер» атты драмасын алып келдік. Ішінде барлығы да бар, достық та, сатқындық та, адалдық пен арамдық та бар. Бірақ қанша жыл өтсе де, өзінің құнын, мазмұнын жоймаған драма. Өйткені кейіпкерлері өмірде бар әлі де.

Нұрлыгүл Жұбатова, қазылар алқасының төрайымы: 

– Осыдан біраз жыл бұрынғы қойылымдарға қарағанда, бұл қойылымдардың сапасы бар. Жастар келді қазір, жас режиссерлердің ізденісі бар, жас актерлердің де ізденісі бар. Олар енді бәрі де өз саласының таза мамандары емес қой, әр мамандық иелері. Бірі музыкант, бірі хормейстер, бірі методист, бірі кітапханашы.

Хабар 24 телеарнасы