389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда «Аққудың көз жасы» спектаклі сахналанып жатыр

  • 2354
  • UPD: 21:59, 12.11.2017

Кино және театр режиссері Талғат Теменов Маңғыстау театрында «Аққудың көз жасы» спектаклін сахналап жатыр.

Қойылым Шыңғыс Айтматовтың әйгілі қос туындысы негізінде бейнеленген. Көрермен сүймеген адамына амалсыз басы байланған Жәмилә мен шын ғашығының сүйіктісі болуды қалаған бойжеткеннің ішкі жандүниесін көреді. 18-ге енді толған Бегімай мен алпысты алқымдаған Раймалы жырау арасындағы баянсыз махаббат хикаясын тамашалайды. Қойылым премьерасы 19 қарашада өтеді.

Талғат Теменов, Қазақстанның халық әртісі:

- Жалпы, бұл шығарма – Шыңғыс Айтматовтың «Жәмилә» повесі мен «Ғасырдан да ұзақ күніндегі» Раймалы мен Бегімайдың сахнасы. Мен осы екеуін қостым. Одан да басқа сахналар қосылды. «Аққудың көз жасында» аққу көрінбейді, сол аққудың көз жасындай тазалық, махаббат, сезім, достық, күте білу, махаббат үшін жанын қия білу бар. 

Ұлдана Құдайбергенова, Бегімайдың рөліндегі әртіс: 

- Раймалы-Бегімай рөлі жас ерекшеліктеріне байланысты. Екеуінің махаббат үшін күресі бейнеленеді, қыз үлкен кісіге сезімін білдіргені үшін ауылдың үлкендері, ақсақалдары тарих бойынша олардың сезімдеріне қарсы болып, екеуін ағашқа өртеп жібереді. Екеуі жәрмеңке кезінде бір-бірімен айтысып, ғашық болады.

Хабар 24 телеарнасы