374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шетелдегі қазақтардың кітаптары халықаралық көрмеде таныстырылды

  • 826
  • UPD: 17:39, 13.11.2017

Түркияда 36-шы халықаралық «Ыстамбұл кітап көрмесі» өтті.

Биыл айтулы шараға дүние жүзінен қатысқан 800-ден астам баспа үйінің өнімдері көпшілік назарына ұсынылды. Олардың арасында сиясы кеппеген су жаңа туындылар да бар. Сондықтан көрме аясында тұсаукесер рәсімі өтіп, кітап авторлары оқырмандарына өз шығармаларын кеңінен таныстырды. Халықаралық көрмеде Түркиядағы қазақ диаспорасының қолдауымен жарық көрген кітаптар да ел назарына ұсынылды. «Қазақ түріктері» білім және зерттеу қоғамының төрағасы Серкан Динчтүріктің айтуынша, жергілікті халық қазақтардың тарихынан сыр шертетін шығармаларға қызығушылық білдіріп жатыр екен. Айта кету керек, биыл көрмені тамашалаушылардың қарасы өте көп. Ұйымдастырушылар бір аптаның ішінде шараға келіп-кетушілер саны 1 миллионнан асты деп хабарлады.

Серкан Динчтүрік, Қазақ түріктері білім және зерттеу қоғамының төрағасы: 

– Қазақ түріктері білім және зерттеу қауымдастығы болып, осы жылы шыққан жаңа үш кітабымызды келген оқырмандарға ұсынып отырмыз. Белсенді қатысудамыз. Жергілікті халық жаңа кітаптарымызға қызығушылық танытуда. Біздің де мақсатымыз осында келген жергілікті түрік халқына қазақ мәдениетін, салт-дәстүрін танытып, қазақтың аты аңызға айналған ұлы тұлғалар жайлы шыққан кітаптарды таныту үшін келдік.

Осы категория бойынша: « «Оралман» фильмі Германиядағы халықаралық кинофестивальде бақ сынайды Astana Ballet Брюссельде өнер көрсетті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы