387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Астана Опера» театрының жетекші солисі Сүндет Байғожин Римдегі театрға жұмысқа шақырылды

  • 1274
  • UPD: 12:35, 15.11.2017

Еуропаны бағындырған қазақ. «Астана Опера» театрының жетекші солисі Сүндет Байғожин келер жылы жұмыс орнын ауыстырады.

Өйткені Римдегі үздік опера театрларының бірінен ұсыныс түскен. Көрерменнің ықыласына бөленген ол, «Абай» операсындағы Абайдың ролі, «Қыз Жібектегі» Бекежанның, «Дон Паскуале» операсында Малатестаның рольдері арқылы танылды. Қазақтың атын шығарып жүрген Сүндет бұл жолы да Италиядағы байқаудан сүрінбей өтіп, Еуропа театрын бағындырған тарихтағы алғашқы қазақстандық атанды.

Оның айтуынша, 70 үміткердің ішінен тек 4 адам финалға өткен. Сүндет елге орала салысымен жұмысқа кірісіп кетті. Қазір Жорж Бизенің «Кармен» премьерасына дайындық жүріп жатыр. Опера және балет театрының жетекші солисі алғаш рет тореадор Эскамильоның ролін сомдайды.

Сүндет Байғожин, «Астана Опера»  театрының жетекші солисі: 

- 70-ке жуық баритонның ішінен жеңіп шықтым. Қазіргі таңда екі жылға келісімшарт болатынын міне бүгін ғана келесі, 2018 жылға 10-ға жуық 3 басты кейіпкер, қалғаны орташа кейіпкердің партияларын орындауға ұсыныстар келді. Римде жұмыс істеп жүріп, «Астана Опера» театрына келіп, өзімнің сүйікті партияларым Абай, Бекежан, «Богем» операсындағы Марчеллоның партияларын орындап, келіп тұрамын. Сәті түскен күндері, шақыру алсам. Бірақ ешқашанда өз үмітімді өз елімнен үзбеймін.

Хабар 24 телеарнасы