Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 142
383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Қазақстан Камератасы» Мемлекеттік ансамбліне 20 жыл толды

  • 726
  • UPD: 19:38, 15.11.2017

Скрипканың жан тебірентер үні әуенмен астасып, жүрекке жетеді. Әдеттегі дайындық болса да музыканттар көрермен алдында өнер көрсетіп тұрғандай беріле ойнады.

Мерейтойлық концерт басталуға санаулы минуттар қалғанда «Камератаның» жетекшісі Гаухар Мұрзабекова толқынысын баса алмай, соңғы тапсырмаларын берді.

Гаухар Мұрзабекова, «Қазақстан Камератасы» Мемлекеттік ансамблінің көркемдік жетекшісі:

Қатты толқып тұрмын. Бүгінгі кешке қатысушылардың бәрі де сондай көңіл күйде сияқты. Бұл ерекше концерт. Орындаушылардың құрамы да басқаша. Жастар мен классик-орындаушыларды бір сахнаға жинадық.

Ансамбль ерекше құраммен Вивальди, Паганини, Чайковский және Шопеннің шығармаларын біріктіріп, тың туынды әзірлепті. «Камератаны» мерейтойымен құттықтауға АҚШ, Швейцария, Испания, Германия және Ресейде тұратын Күләш Байсейітова атындағы мектептің түлектері келді.

Владимир Дё, скрипкашы:

– Солист ретінде біздің міндетіміз – шетелде жүріп, шығармашылығымыздың қалай өскенін көрсету. Қазақстан Камератасымен бірге ойнау өте әсерлі. Бұл – керемет ұжым.

Шернияз Мұсахан, скрипкашы:

– Туған жерге, үйіңе келуге тағы бір жол түсті. Музыка әлеміндегі әріптестеріңді көруге де мүмкіндік туды. Шынын айтқанда, көп бас қоса алмаймыз. Сондықтан бұл біз үшін үлкен қуаныш.

19 қыркүйекте басталған «Камерата Мьюзик фест» мерейтойлық фестивалі көрерменге  Қазақстанда бұрын болмаған 6 ерекше туындыны тарту етті. Шығармашылық ұжым  21 қарашада «Қазақконцертте» өнер көрсетеді. Ал 28 қараша мен 1 желтоқсан аралығында Нидерландыға гастрольдік сапармен барғалы отыр.

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Полина Чихичина, Ермек Абдрахманов

Хабар 24 телеарнасы