365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада ақындар мүшайрасы қорытындыланды

  • 621
  • UPD: 16:08, 18.11.2017
Астанада ақындар мүшайрасы қорытындыланды

«Жастар» театрында жас ақындар арасында «Рухани жаңғыру – ұлттың мұраты» атты мүшайра өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы. 

Қала әкімдігінің ұйымдастыруымен жыл сайын өтетін іс-шара биыл «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мен Астана қаласының 20 жылдығына арналды. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, халық және жастар арасында насихат жұмыстарын жүргізу арқылы қазақ қоғамының рухани құндылықтарын нығайту мүшайраны өткізудің басты мақсаты болып табылады. 

«Мүшайраның басты мақсаттарының бірі мемлекеттік тілді насихаттау, тәуелсіз Қазақстанның, елордасы Астананың жарқын жеңістерін паш ету, сондай-ақ шығармашыл жастарға қолдау білдіру, поэзия арқылы қазақ тілінің байлығын, оның әсемдігін көрсету», деп атап өтті Астана қаласы тілдерді дамыту басқармасының бас маманы Ержан Еңсебаев. 

Мүшайраға Астана, Алматы, Қарағанды, Қызылорда, Өскемен, Семей, Тараз және Талдықорған, Орал қалаларынан 50-ден астам ақын қатысты. Іріктеу кезеңінің қорытындылары бойынша ақтық бәйгеге тек 10 үміткер өткен.

Тартыста бірінші орынды – қарағандылық Рауан Қабидолдин, екінші орынды – астаналық Ажар Ерболған және үшінші орынды оралдық Алпамыс Файзолла еншіледі. 

Жеңімпаздарға Астана қаласы әкімінің атынан мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтар тапсырылды.  

Кеш барысында дәстүрлі өнер майталмандары мен эстрада жұлдыздары өнер көрсетті.

Хабар 24 телеарнасы