387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астана Опера театры Италияда «Париж құдай анасы шіркеуі» қойылымын сахналайды

  • 810
  • UPD: 14:35, 16.12.2017

1965 жылы қойылған бұл балет әлемдік хореографияда үздік деп танылған.

Спектакль қазақстандық әртістердің қатысуымен Генуя қаласындағы Карло Феличе театрында алғаш рет өтеді. 200 жылдық тарихы бар сахнада отандық «Спартак» балеті бұдан екі жыл бұрын өнер көрсеткен. Көрерменнің көңілінен шыққаны соншалық, бүгінде 23-24 қарашада өтетін қазақ әртістерінің қойылымына билет қалмаған. Спектакльде труппаның барлық мүшесі өнер көрсетеді. Корде-балет көрермендерге ортағасырлық Париждің атмосферасын сыйласа, ұсқынсыз бүкірді Бахтияр Адамжан мен Рүстем Сейтбеков, Эсмеральданың рөлін Мадина Басбаева мен Айгерім Бекетаева сомдайды.

Алтынай Асылмұратова, «Астана Опера» балетінің көркемдік жетекшісі:

Бұл өте танымал қойылым. Тіпті әлемдік классика десек те болады. Нотр Дам, Гюго және шіркеудің тарихы тек француздарға ғана емес, итальяндықтарға да жақын деп ойлаймын. Жалпы махаббат, сатқындық тақырыбы көптің көңілінен шығады ғой.

Джузеппе Акуавива, «Карло Феличе» театрының көркемдік жетекшісі:

– Спектакль атауының өзі қызығушылық тудырмай қоймайды. Мен «Париж құдай анасы шіркеуі» қойылымын көрген адам лайықты бағасын береді деп ойлаймын. Әрдайым Астана Опера театрымен бірлесе жасаған туындылар жоғары бағаланып жатады.

Хабар 24 телеарнасы