388,93 435,25 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Ұлы Жібек жолы 2018» халықаралық экспедициясы сапарға шығады

  • 2636
  • UPD: 23:40, 22.11.2017

«Ұлы Жібек жолы» мәртебесін қайта жандандырып, жол бойындағы елдердің мәдени байланыстарын нығайту қажет.

Осы мақсатта еліміздің Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен «Ұлы Жібек жолы 2018» халықаралық экспедициясы сапарға шығады. Экпедицияға әлемге танымал поляк саяхатшы Яцек Палкевич жетекшілік етеді. Сапар сәуір айында Қытайдан басталып, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей және Беларусьтан өтіп, Польшада аяқталады. «Рухани жаңғыру» ұлттық бағдарламасы аясында саяхатшылар ЮНЕСКО-ның мәдени мұраларының тізіміне енген 33 нысанға ат басын бұрады. Бұл өз кезегінде Қазақстанның туристік әлеуетін арттыруға зор үлес қоспақ. Экспедиция аяқталғаннан кейін «Қазақстанның қасиетті белдеуі» деп аталатын фильмдер циклын шығару жоспары бар.

Тимур Дүйсенғалиев, «Kazakh Tourism Ұлттық компаниясы» АҚ төрағасының орынбасары:

– Жібек жолының бойымен экспедиция жүргізу туристік саламызды дамытуға өте тиімді. Көпшілікке белгілі Trip Advisor компаниясының дерегіне қарағанда, «Жібек жолы» – әлемдегі ең танымал брендтердің бірі. Біз осыны тиімді пайдалануымыз керек. Өйткені бұл жолдың басым бөлігі біздің еліміздің аумағынан өтеді.

Яцек Палкевич, саяхатшы:

– Аңызға айналған «Жібек жолы» сауда ғана емес, Еуразиядағы мәдени байланыстарды да дамытуға үлкен үлес қосқан. Осыны қайта жаңғырту мақсатында «Жаңа Ұлы Жібек жолы» халықаралық экспедициясын ұйымдастыруды жөн санадық. Бұл елдердің қарым-қатынасы мен өркениетін дамытады деген сенімдемін.

Хабар 24 телеарнасы