389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Хабар» арнасы жаңа жылда комедия жанрындағы «Сырластар» телехикаясын ұсынады

  • 850
  • UPD: 21:48, 22.11.2017

Жаңа жылда «Хабар» арнасы өз көрерменін тағы бір қызықты телехикаямен қуантпақ. Ана мен бала, ене мен келін, заман мен дәстүр қамтылған комедия жанрындағы телехикая «Сырластар» деп аталады.

Оқиға перзентханада бір күнде босанған үш әйелдің танысуынан  басталады. Кейін олар достасып, жиі араласып тұрады. Кейіпкерлердің әрқайсысының өз тағдыры, қуанышы мен мұңы бар. Өзара сырласып, шер тартқату үшін бір жерде кездесіп тұрады. «Жалпы бұл телехикая әйел басындағы күнделікті күйбең тірлікті көрсетеді» дейді режиссер. 

Еділхан Төлешев, режиссер: 

- Режиссер ретінде бұл менің алғашқы жұмысым. Тәжірибелі актерлер шақыртылды. Түсіру тобы да ұйымшыл. Түсіру жұмыстары сәтті болады деген сенімдімін. 

Еділхан Төлешев екі жыл Францияда білім алып, кино түсіру өнерін үйрініп, комедия жанрының қыр-сырын меңгерген. Сондықтан, бұл сериал қызықты болуы тиіс, дейді шығармашылық топ мұшелері. Бұдан бөлек бала тәрбиесі мен аналардың  түрлі мінез-құлқы көрсетіледі.

Тынышкүл Сұлтанбердиева, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:

- Біз кішкентай күнімізден аналарымыздың «әй» деген қабағына, «әй» деген сөзіне тоқтап өскен балалармыз ғой. Мысалы мен жалпы өмірде бұндай қатаң кісі емеспін. «Балым рөлі олай емес бұл кісі қатаңдау кісі. Жіберген қателікті, дұрыс істелінбеген нәрсені кешіре алмайды. Әй деп қаттырақ айтып қоятын кісі. 

Жалпы «Сырластар» телехикаясы 12 сериядан тұрады. Жоспарға сәйкес көрермен назарына келер жылдың ақпан айында ұсынылады. 

Авторлары: Алмас Садуақас, Нұрдәулет Жақсыбай

Хабар 24 телеарнасы