382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлттық музей құнды жәдігерлермен толықты

  • 586
  • UPD: 15:46, 25.11.2017

Археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған жүздеген құнды жәдігер бүгін Ұлттық музейге табысталды.

Бұл мұралар орта ғасырларға жатады. Кейбірі осыдан 4 мың жыл бұрынғы кезеңді қамтиды. Ежелгі қыш құмыралар мен тас пен сүйектен жасалған бұйымдарды археологтар еліміздің Оңтүстік өңірлерінен тауыпты. Қазба жұмыстарының осындай нәтижиелері Астанадағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда кеңінен талқылады. Оған шетелдік ғалымдар да қатысты.

Айта кетейік, жәдігерлердің басым көпшілігі қатты бүлінгендіктен, қазір қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол 1 жылдан 5 жылға дейін созылуы мүмкін екен.

Зейнолла Самашев, тарих ғылымдарының докторы, археолог:

 

– Енді Ұлттық музейдің ашылғанына екі-ақ жыл болды. Кейінгі осы 2 жылдағы қазба жұмыстарының нәтижелері осында тапсырылып отыр. Сонымен қатар облыстық музейлердің қорына да тапсырылып жатыр. Мысалы, мен осы жоба бойынша Сарайшық қалашығында қазба жұмыстарын жүргіздім. Сол жұмыстардың барлығы Астанаға әкелінбей, сол жерде үлкен туристік, тарихи мәдени кешен жасап жатырмыз. Соның негізін құру үшін сол жерге жинап жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы