389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Хабардың» өнімі Азияның 9 еліне таратылады     

  • 697
  • UPD: 07:32, 01.12.2017

«Хабар» Агенттігінің телехикаялары мен деректі фильмдері Азияның тоғыз елінде көрсетіледі.

Осындай келісімге бүгін Сингапурде өткен телефорумда қол қойылды.

Азиядағы ең үлкен телефорумда осы құрлықтағы сегіз мемлекеттің павильоны орнатылған.

Енді «Хабар» Агенттігінің телехикаялары мен деректі фильмдері арқылы Азия елдері Қазақстан туралы білетін болады. Осындай келісімге бүгін Сингапурде өткен телефорумда «Хабар» Агенттігі мен Silver Wolf дистрибьюторлық компаниясының басшылары қол қойды.

Сандуғаш Рақымжанова, «Хабар» телеарнасының директоры:

- Телекөрермендердің көбісі жаңа телеөнім  іздейді. Ал біздің контентте шығыс пен батыс бірге берілген. Осы компаниямен ынтымақтастығымыз сәтті болады деген ойдамыз. Және оны Оңтүстік-Шығыс Азиядағы тоғыз мемелекет те міндетті түрде көреді деп сенеміз.  

Silver Wolf компаниясының штаб-пәтері Сингапурда орналасқан. Ол Агенттіктің өнімін Сингапур, Малайзия, Индонезия, Бруней, Вьетнам, Мьянма және тағы басқа елдерге таратады. Компания басшысы Абдул Рашид Будиннің пікірінше, азиялықтардың көбісі Қазақстанды Ресеймен шатастыратын көрінеді.   

Абдул Рашид Будин, Silver Wolf International компаниясының президенті:

- Осы бағдарлама арқылы Қазақстанды барлық Азия елдеріне танымал еткіміз келеді. Қазір біз дистрибьюцияны бастап жатырмыз. Қазақстанның тілі, мәдениеті және халқы туралы деректі фильмдермен қатар ойын-сауықтық бағдарламалар Азияның бірқатар еліне көп мағлұмат береді деген сенімдемін.

«Хабар» өнімінің таратылуы тек Азия елдерімен шектелмейді. Қазірдің өзінде Қазақстанның тарихы мен табиғаты туралы деректі фильмдер және телехикаялар Ресей, Қытай, Малайзия және Моңғолия телекөрермендерінің назарына ұсынылып келеді.

Авторлары: Владислав Цой, Ли Сан Хён

Хабар 24 телеарнасы