389,38 430,50 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сүндет Байғожин туған жерінде алғашқы жеке концертін өткізді

  • 1890
  • UPD: 09:53, 10.12.2017

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сүндет Байғожин туған жері Қостанай облысында «Туған жерге тағзым!» атты өзінің алғашқы шығармашылық концертін берді.

Екі жарым сағатқа созылған ән кешінде опера, ария, романс жанрындағы отыздан астам әлемдік классиканың жауһарлары орындалды. Облыстық филармония оркестрінің сүйемелдеуімен халық әндерін де шырқады. Әнші сондай-ақ кеш барысында қуанышты жаңалығымен де бөлісті. Таяуда баритон дауыс иесі Рим опера театрына шақырту алған. Сүндет Байғожин – мұндай мәртебеге ие болған қазақтан шыққан тұңғыш әнші. Енді ол алдағы айдан бастап екі жыл бойы Еуропа төрінде өнер көрсетеді.

Сүндет Байғожин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:

– Шетелде қазақ елінің әншісі танымал болып жаста, рухани жаңғырудың мәдени саладағы басты жеңісі деп ойлаймын. Өйткені Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасында Қазақстанды танытатын дарынды жастардың көп болғанын қалайтыны айтылған. Сол себептен аянбай еңбек ету керек.

Ерлан Қалмақов, облыстық мәдениет басқармасының басшысы:

– Сүндет туған жерге келіп, бата алып, үлкен сапарға аттанғалы отыр. Туған жерден түлеп ұшқан таланттардың туған жеріне келіп, өнерін сыйға тартуы – «Рухани жаңғыру» бағдарламасының нақты жүзеге асуының көрінісі.

Хабар 24 телеарнасы