369.54 425.20 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Отандық өнерпаздар Италияда Чайковскийдің «Аққу көлі» балетін сахналады

  • 297
  • UPD: 22:23, 17.12.2017

Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театрының Италиядағы гастролдік сапары жалғасып жатыр.

Бұл жолы қазақстандық өнер ұжымы Фермо қаласына келіп, жергілікті «Театро дель акуила» театрында Чайковскийдің «Аққу көлі» балетін қойды.

Чайковскийдің сиқырлы әуені және мәңгілік махаббат жайындағы «Аққу көлі» балеті бүкіл әлемге жақсы танымал. Қанша мәрте қойылса, жұрт сонша мәрте көруге дайын. Фермо қаласындағы шығармашылық кеш соның дәлелі. 2 бөлімнен тұратын балет көпшіліктің көңілінен шықты.

Гүлжан Түткібаева, ҚР Халық әртісі, балет труппасының жетекшісі:

– Сахна көлемі мен орналасуы жағынан біздікінен әлдеқайда бөлек. Сондықтан аз уақытта бейімделіп үлгеру тура келді. Бишілердің ептілігіне ризамын.

Франческо Тразатти, Фермо қаласы мэрінің орынбасары:

Әр театр маусымы сайын бағдарламамызға халықаралық гастрольдерді қосуға тырысамыз. Яғни жергілікті тұрғындарға басқа елдің өнері мен өнерпаздарын өз көзімен көруге мүмкіндік жасаймыз. Осы тұрғыда сенімімізді ақтаған қазақстандық ұжымға алғысым шексіз.

Қала басшысы орынбасарының айтуынша, Фермо қаласының тұрғындары театр өнерін өте жақсы бағалайды. Оған қойылым аяқталғаннан кейінгі халықтың эмоциясы дәлел.

БЛИЦ:

Мария, жергілікті тұрғын:

Қойылым өте керемет өтті. Қазақстандық ұжымның кәсіби шеберлігі тәнті қылды. Сонымен қатар залдағы декорация да ерекше жасалған.

Мария и Алессандро, жергілікті тұрғын:

 –Қойылым көңілімізден шықты. Балет әртістері жарады!

Маған да қатты ұнады. Чайковский – қашан да Чайковский!

Дирижерге бас иемін. Барлығы риза.

Айта кетейік, Фермо қаласындағы театрдың 227 жылдық тарихы бар. Осы уақыт аралығында бұл сахнада төрткүл дүниеге танымал талай тұлға өнер көрсеткен. Енді олардың қатары қазақстандық труппамен де толықты.

Авторлары: Юлия Гончар, Массимилиано Вольпе

Хабар 24 телеарнасы