389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Астана мюзикл» театры «Қыз Жібек» спектаклін этно-фольклор жанрында сахналады

  • 1262
  • UPD: 09:31, 18.12.2017

Елордада «Астана мюзикл» театры  «Қыз Жібек» спектаклін этно-фольклор жанрында сахналады. Бұған дейін бұл шығарма  ««Ұлы театр - Еуропа төрінде» деген бағытпен Каннада, Париж, Брюссельде, Вена мен Мәскеуде қойылып келді.

Қаймағы бұзылмаған қазақ өнерін шетелдіктер асқан қызығушылықпен тамашалаған. Мерекенің құрметіне театр ұжымы қойылымды өз елімізде алғаш рет қойды. Мұның ішінде ән де, күй де, жыраулық өнер де, жоқтау да, бата да бар. Барлығы да фонограммасыз орындалды. Бірақ мұнда декорация жоқ. Керісінше көрермендер Жібектің үкілі үмітіне, Төлегенннің аяулы арманына, актерлердің шынайы орындаушылық шеберлігіне  куә болды. Спектакльге 60-қа жуық артист қатысты. Ал музыкалық номерлерді  «Астана сазы» этно-фольклорлық ансамблі сүйемелдеді.

Асхат Маемиров, Astana Musical театрының көркемдік жетекшісі:

- 1936 жылғы Күләш апаларымыз айтқан ән, Құрманбек, Қанабек, Ғарифоллалардың  әндері дауыстары қазіргі жас ұрпақтың санасында жаңғырыуы керек. Рухани жаңғыру деген сол. Сондықтан сол тамырына оралту үшін, өзегіне оралту үшін біз симфониялық оркестрге жазылған шығарманы, операны қайтадан сол бұрынғы өзегіне оралтып қайтадан белгілі музыкант дирижер Бауыржан Ақтаев этнофольклорлық аспапқа жазып шықты түгелдей. Сондықтан бұл этнофольклорлық мюзикл деп аталады.

Хабар 24 телеарнасы