378,62 431.00 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Композитор Рахат-Би Әбдісағын Қытайда өнер кешін өткізеді

  • 887
  • UPD: 15:39, 20.12.2017

«Қазақ Моцарты», композитор және пианиношы Рахат-Би Әбдісағын келер жылдың сәуірінде өз өнерін Қытай жұртына паш етпек.

«Тоғыз сиқырлы нота» деп аталған бұл жобаға Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы мұрындық болып отыр.

Осыған дейін «Тоғыз сиқырлы нота» бастамасының негізінде ұйымның Бейжіңдегі Бас штаб-пәтерінде бірнеше өнер кеші өтті. Қытайдың әйгілі музыканты Тянь Цзясинь мен Өзбекстанның классикалық әуен шебері Мадина Файзиева тыңдармандарын тамсандырған еді.

Одан соң халықаралық сайыстардың лауреаты, тәжікстандық 12 жастағы пианиношы Джанат Хуйсейнзода концерт берді. «Тоғыз сиқырлы нота» жобасы «Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы – біздің ортақ үйіміз» деп аталатын кешенді бағдарламаның  бір бөлігі саналады. 

Рашид Алимов, ШЫҰ Бас хатшысы:

– ШЫҰ кеңістігі талантты жандар үшін шексіз. Біз мұндай өнер кештерін ай сайын ұйымдастырмақпыз. Онда ұйымға мүше елдердің өнепаздары қатысады. Шара 2018 жылдың мамырында аяқталады.  Оның шарықтау сәті ШЫҰ мүше барлық елдердің музыканттары бірлескен концерт беретін болады.

Хабар 24 телеарнасы