378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар симфониялық оркестрі алғаш рет Италияға гастрольдік сапармен барды

  • 881
  • UPD: 11:16, 30.12.2017

Оркестр шет елдің 20 қаласында түрлі сахналар мен концерттік кештерде өнер көрсетіп келеді.

Жалпы Италиядағы рождестволық гастрольге Иса Байзақов атындағы филармонияның 53 музыканты шақырту алған.

Павлодар оркестрінің концерті Казамари аббаттығында жылды қорытындылайды. Биыл аббаттықтың ашылғанына 800 жыл толып отыр. Рождество кезінде осы көне монастырда классикалық музыка концерті дәстүрге сай жылда өтеді. Музыканттарды тыңдауға діни басшы, Вероли әкімі мен көптеген тұрғындар жиналады.

Айман Тен және Сергей Гонтаренко, музыканттар:

Бұл жерде концерт залындағыдай емес, бәрі басқаша. Концерт залындағы көрермендер – жай көрермендер, ал мына жерде бәрі ертегідегідей ғажайыпқа толы.

Бұл жерде руханият бар, берекені, бейбітшілік пен мейірімді, махаббатты сезінесің. Шіркеу адамдарды жақындастырады.

Барлығына басқаша көзқараспен қарайсың.

Павлодар симфониялық оркестрін Италияға шақырған дирижер, музыкант, импресарио Леонардо Куадрини болатын. Ол осы күзде филармонияның маусымашарына қатысқан болатын. Енді олар 20 күндік бағдарламада 20 концерт беретін гастрольде жүр.  

Леонардо Куадрини, дирижер:

– Біздің сапарымыз Италиядағы ең үлкен мейрам – Рождествомен тұспа-тұс келді. Сондықтан біз бұны мерекелік концертке балаймыз. Әр күн сайын бізде жаңа концерт, жаңа музыкалық бағдарлама болады. Бүгін біз Казамариде болсақ, ертең Вастода өнер көрсетеміз. Кеше Неапольде, Миланда, Агрополи мен Фоджда және Аостада концерт бердік. Біздің гастроль шын мәнінде ұлттық әрі мазмұнды сапар болғалы тұр.

Бүгін павлодарлық оркестр тұңғыш рет органның сүйемелдеуімен өнер көрсетті. Италиялық хор мен жеке орындаушы әншілер де концертке бір адамдай қатысты. Музыканттар бірігіп, Шарль Камиль Сенсанстың «Рождестволық ораториясын» және бірнеше әйгілі рождестволық арияларды шырқап, көрермендерге мерекелік көңіл-күй сыйлады.

БЛИЦ:

Өте әсерлі концерт болды. Музыканттар жарады. Рождество құрметіне керемет әнұран айтты.

Әуендер жүрекке жетіп жатыр. Өте керемет! Олар біздің бауырластық сезімімізді оятты десем де болады. Менің ойымша, осы қасиет әлемдегі барлық адамдарға керек-ақ.

Авторлары: Юлия Гончар, Массимилиано Вольпе

Хабар 24 телеарнасы