369.54 425.20 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылордада алғаш рет түрлі этнос өкілдерінің би фестивалі өтті

  • 359
  • UPD: 19:46, 13.01.2018

«Би нұры» деп айдар таққан байқауға өңірдегі өнерге ынтасы бар өрендер қатысты.

Көрермен халық биімен қатар еркін тақырыптағы шығармалардың да куәсі болды. Мамандар би ұжымдарының орындаушылық шеберліктеріне ерекше ден қойды. Сондай-ақ туындының композициялық құрылымы мен бишілердің киім үлгісі де сараланды. «Басты мақсат би өнері арқылы этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісін насихаттау болып табылады»,дейді ұйымдастырушылар.

Бекзат Абсатова, «Қоғамдық келісім» МКК көркемдік жетекшісі: 

- Этномәдени бірлестіктердің мәдени-көркем деңгейін көтеру, би өнеріне қатысушыларды баулу. Этнобірлестіктердің ұжымдарынан бөлек қаланың мектептерінен би ұжымдары қатысады. Бұл жерде біз балалардың деңгейін анықтау үшін және Қазақстанда мекен ететін этнобірлестіктердің, ұлттардың би қойылымдарын көрсетсек деген мақсатпен ұйымдастырып жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы