384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада мемлекеттік оркестр ұжымы классикалық музыка кешін ұсынды

  • 886
Астанада мемлекеттік оркестр ұжымы классикалық музыка кешін ұсынды

Өнердің бәсін білетін өресі биік тыңдарман назарына классикалық музыканың жауһарлары ұсынылды.

«Қазақстан» концерт залында «Орындаушылар академиясы» мемлекеттік оркестрі «Вселенная звуков» классикалық музыка кешін ұсынды. Оркестрдің дирижері – халықаралық байқаулардың лауреаты Асқар Дүйсенбаев. Ал көркемдік жетекшісі – Қазақстан Республикасының халық әртісі Айман Мұсақожаева.

Сахна төрінде шетел және қазақстандық композиторлардың үздік туындылары ойналды. Мысалы Россини, Штраус, Жорж Бизе, Моцарт, Ахмет Жұбанов, Латиф Хамидидің танымал операларынан ариялар ұсынды. Жеке орындашыларға келсек, халықаралық байқаулардың лауреаттары Роза Солтыханова, Азамат Жылтыркөзов, Азамат Мәлік, Руслан Мұстафин сынды өнерпаздар өз шеберлігін паш етті.

Асқар Дүйсенбаев, дирижер, халықаралық байқаулардың лауреаты:

- Жаңа концерттік бағдарламамызды бастап жатырмыз. Кеште осы қысқа сай орыс композиторы Петр Чайковскийдің «Зимние грезы» деп аталатын бірінші симфониясын орындаймыз. Сондай-ақ бүгінгі кешімізде өте жас дарынды солист музыканттарымыз ойнайды.

Хабар 24 телеарнасы