386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада жаңа драма театры салынады

  • 1205
  • UPD: 11:48, 01.02.2018
Астанада жаңа драма театры салынады

Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі Талғат Теменов Астанада жаңа драма театры салынатынын жеткізді.

Бұл жоба Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде жүзеге аспақ. Максим Горький атындағы орыс драма театрында да биыл өзгерістер бар.

Астанадағы қазақ драма театрында Шекспирдің «Отелласының» тұсаукесері өтеді. Көркемдік жетекші наурыз айында болатын қойылымға дайындалып жатыр.

Талғат Теменов, Қ.Қуанышбаев атындағы драма театрының көркемдік жетекшісі:

Драматургия дегенде, Шекспир бірінші орында тұрады. Оның шығармаларының ішінде адами қасиеттерді көтеретін туынды – «Отелла». Бұл сирек қойылатын шығарма. Қазақстанда Шекспир болуы мүмкін, бірақ «Отелла» жоқ. Тіпті Ресейдің қалаларында да жоқ. Бір-екі театрда болған, бірақ түсіп қалып отыр, яғни сирек қойылады. Өйткені материалы өте ауыр.

Биыл Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры 26-маусымын ашты. Онда Ырымкеш Омарханова, Гүлжан Әспетова,Тілектес Мейрамов сияқты өнер майталмандары бастаған 65 актер еңбек етіп жатыр. Театр ұжымы елімізде ғана емес, ТМД мен Еуропа елдеріне гастрольдық сапармен барып тұрады. Осыдан екі жыл бұрын Мәскеуде өткен халықаралық «Алтын алып» фестивалінде бас жүлдені иеленді.

Болат Ыбыраев, актер:

Ұжымда 10-15 шақты адам болды. Халыққа театрды таныстыру керек болды. Ол үшін ұлттық дүниелерді қойып, халықты тарту қажет. Үлкен еңбекті талап етті. Театр ашу оңай емес. Біз келгенде, қазақтардың саны аз болды.

Сол 10 шақты актер Ғабит Мүсіреповтың «Ақан сері Ақтоты» спектаклімен театрдың алғашқы шымылдығын ашқан еді. Оның басында қазақтың еңбек сіңірген қайраткері, режиссер Жақып Омаров тұрды. Театр 26 жылдың ішінде өнер ордасының қара шаңырағына айналып үлгерді.

Ал Астанадағы орыс драма театрының 117 жылдық тарихы бар.

Еркін Қасенов, М.Горький атындағы драма театрының директоры:

– Мен 11 жыл бұрын жұмысқа келгенде, вахтада Кеңес деген үлкен кісі болды. Бала кезінен осы театрда жұмыс істепті. Бала күнінде біздің жертөледен шығатын жол болған екен. Соның аузын таспен ашқанын көрген. Сол жол Кенесары мен Бейбітшілік көшелерінің қиылысындағы Астана сауда орталығына шығады дейді. Ол да – тарихи мекеме, сол кезде бар ғимарат.

Ақмола Астана болған кезде орыс театры қаладағы ең көрікті ғимараттардың бірі болған. Тіпті мұнда ең алғашқы референдум мен сайлау өткен. 35 актердан тұратын шығармашылық ұжым жақында «Алладиннің сиқырлы шамы» атты қойылымды көрерменнің назарына ұсынады.

Авторлары: Әсел Басшыбек, Аят Дүсембаев

Хабар 24 телеарнасы