384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлттық музейге бала қиялы мен тілегі ұштасқан туындылар қойылды

  • 887
  • UPD: 14:33, 07.02.2018

Елордада Астананың 20 жылдығына арналған тағы бір көрме ашылды.

Ұлттық музейге бала қиялы мен арман тілегі ұштасқан 120-ға жуық туынды қойылды. Балғындар қолынан шыққан «Бояулар әлемі» көрмесі «Рухани әлем», «Әлем - балалар көзімен» және «Ұлы дала қаласы» деген 3 бөлімнен тұрады. Мұнда кішкентай суретшілердің қылқалам туындысы мен қолөнершілердің қағаз бен ағаштан жасаған бұйымдарын көруге болады. Шаһар тұрғындары мен қонақтары үшін көрме есігі 17 ақпанға дейін ашық.  

Маржан Құтыбайқызы, Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайының меңгерушісі:

- Біз көп жұмысты алып келе алмадық. Бізде көрме 1 наурызда оқушылар сарайында өтеді. Бұл жерге балаларымыздың биылғы бірінші қыркүйектен бастап бүгінгі күнге дейінгі жасалған жұмыстарын ұсынып отырмыз. Болашақта осындай көрмелерді одан әрі көп көрмелер ұйымдастыруға жоспар құрып отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы