387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Астана Опера» театры Алматыда өнер көрсетеді

  • 544
  • UPD: 10:25, 10.02.2018

«Астана Опера» театры Алматыдағы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында өнер көрсетеді.

Бірінші күні көрермендер назарына «Абай» ұлттық классикалық операсы ұсынылмақ. 10-11 ақпанда сахналанатын қойылымның басты партиясын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сүндет Байғожин мен Жанат Шыбықбаев орындайды. Бұдан бөлек алматылықтар Кеннет Макмиланның «Манон», Ролан Петидің «Париж Құдай Анасының соборы» балет спектакльдерін де тамашалай алады.

Төлеубек Әлпиев, «Астана Опера» театры директорының орынбасары:

- «Астана Операға» басқа көзбен қарап, Абайғ, әсіресе мына сценографияға, дизайнға қарап, біздің театрымыз өте технологиялы театр дейміз. Сондықтан біз бірлесіп, Италия болып, Қазақстан болып, Абай әлемі деп жасайық, осындай өзгерістер болсын.

Хабар 24 телеарнасы