389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы сахнасында әйгілі хореограф К.Макмилланның «Манон» балеті қойылды

  • 495
  • UPD: 11:00, 15.02.2018
Алматы сахнасында әйгілі хореограф К.Макмилланның «Манон» балеті қойылды

Алматы қаласындағы Абай атындағы киелі сахнада ХХ ғасырдың әйгілі хореографы Кеннет Макмилланның «Манон» балеті қойылды.

Жеңіл жүрісті ханым туралы қайғылы оқиғаға лық толы зал жиналды. Оған салмақты негіз де бар. Бұл балеттік эксклюзивті қазіргі таңда тек «Астана Операдан» көруге болады, оған дейін Қазақстанда ешқашан қойылмаған және әлемдік сахналарда да «Манон» сирек кездеседі.

«Астана Опера» театрының Алматыдағы гастролі 10-18 ақпан күндері ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтіп жатыр.

«Манон» спектаклінде «Астана Опера» балет труппасының барлығы қатысады. Күрделі қойылымға ұзақ дайындалдық. Абай атындағы МАОБТ сахнасында өнер көрсету өте жауапты болды, себебі залда бізге тілектес, дегенмен де талғампаз көрермен отырды. Әрине арасында ұстаздарымыз да болды. Барлық әртіс қобалжыды, ал қазір бәрі де ойдағыдай өткені үшін өте бақыттымыз. Бұл қойылымның күрделілігі қарапайым емес хореографиясында жатыр. К.Макмиллан осы балетті қойған кезде Қысқы Олимпиада ойындарына барғаны белгілі. Оған мәнерлеп сырғанаудың қатты әсер еткені соншалық, хореографияда әртістер үшін ыңғайсыз, бірақ ерекше әдемі күрделі элементтер пайда болды. Мен бұл спектакльді – «төзімділікті сынау» деп атаймын. Меніңше, біз бұл сыннан өттік», – деп атап өтті басты партияны орындаушы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мәдина Басбаева.

Алматының қырағы балет сыншылары әртістердің шеберлігін ғана емес, сонымен бірге тиісті декорацияларын, киімдерін және XVIII ғасыр кезеңіне сахна жабдықтарының тұтастай сәйкестігін жіті қадағалап, баға берді.

Хабар 24 телеарнасы