387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Астана Опера» театры Алматыда «Манон» балетін сахналады

  • 717
  • UPD: 23:06, 15.02.2018
«Астана Опера» театры Алматыда «Манон» балетін сахналады

«Астана Опера» театрының Алматыға гастрольдік сапары жалғасуда.

Шаһардағы Абай атындағы опера және балет театрында өнер ұжымы танымал хореограф Кенет Макмиланның «Манон» балетін сахналады. Әлемге әйгілі спектакльдің тұңғыш премьерасы 1974 жылы Лондондағы «Ковентгарден» театрында көрсетілген болатын. Ал еліміздегі қойылымын Карл Бёрнетт пен Патрисия Руан жасады. Енді ақпанның 17-сі мен 18-і күндері «Астана Опера» театры «Париж әулиеанасының соборы» балетін алматылықтар назарына ұсынбақ.

Алтынай Асылмұратова, «Астана Опера» театры балет тобының көркемдік жетекшісі:

- Бұл – көркем фильм тамашалағандай әсер қалдыратын күрделі спектакль. Оған әртістер, миманс пен кардебалет түгел қатысады. Осы керемет спектакльді біздің театр сахналап жатқанына қуаныштымын.

Хабар 24 телеарнасы