386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да Рэй Кунидің «Тесік тиын» екі актілі қойылымы сахналанды

  • 784
  • UPD: 08:04, 18.02.2018

Батыс Қазақстан облысындағы Жалпақтал халық театрының әртістері ағылшын драматургі Рэй Кунидің «Тесік тиын» атты екі актілі қойылымын сахналады.

Комедиялық спектакль бас кейіпкер Генри Перкинстің өз туған күнінде ақша толы сөмке тауып алуымен басталады. Оқиға желісі одан ары оның отбасында өрбиді. Ешқашан өтірік айтпайтын шыншыл Генри қомақты қаржыға қол жеткізген күннен бастап түбегейлі өзгереді. Қойылым барысында ауыл өнерпаздары өздері сомдаған кейіпкерлерінің шынайы бет-бейнесі мен мінез-құлқын аша білді. Көрермен қауым байлық пен мансап жолындағы адамдардың ашкөздігін сәтті бейнелеген өнер иелеріне қошемет көрсетті.

Айта кету керек, Жалпақтал мәдениет үйінің жанындағы Мұхамбетжан Ғұмаров атындағы Жалпақтал халық театры 1952 жылы драма үйірмесі ретінде құрылған. Кейін 1958 жылы халықтық атаққа ие болды. Қазір шалғай ауылдағы шағын театрдың киелі сахнасында бір топ талантты жас табысты еңбек етіп жүр.

Шалқыма Меркулова, қоюшы-режиссер:

– Осы қойылыммен біз 2017 жылы қараша айында өткен Халық театрлар фестиваліне қатысып, екінші дәрежелі алдық. Сонымен қатар «Үздік режиссер», сондай ақ «Ең үздік әйел адам» образын театрымыздың актрисасы Анар Мусина жеңіп алды.

Нұрбек Мұхамбетқалиев, Жалпақтал мәдениет үйінің қызметкері:

– Қазталов ауданының өте бір ерекше ықыласты көрерменіне қанық болдық. Тамаша бір керемет өзіміз әсер алып шығып тұрмыз. Енді барысы Генри Перкинс атты менің образымдағы персонаж негізі өмірінде адал адам. Бірақ ақшаға кезіккенде... Ақша жалпы адамды қалай өзгеретіні туралы керемет шынайылыққа жанастырылған спектакль.

Хабар 24 телеарнасы