389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда «Астана Опера» бағдарламасын 4 мыңға жуық көрермен тамашалады

  • 481
  • UPD: 14:24, 19.02.2018
Алматыда «Астана Опера» бағдарламасын 4 мыңға жуық көрермен тамашалады

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Астана Опера» 10-18 ақпан аралығында гастрольдік сапармен Алматы қаласында болып қайтты.

Астаналық әртістердің бағдарламасын 4 мыңға тарта көрермен тамашалады.

Морис Жаррдың музыкасына жазылған Ролан Петидің атақты «Париж Құдай анасының соборы» балеті «Астана Опера» театры гастролдік бағдарламасының нүктесі болды.

Абай атындағы МАОБТ сахнасында көрермен назарына ұсынылған қойылымда басты рөлдегі Эсмеральда бейнесін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Әйгерім Бекетаева мен Мәдина Басбаева, Квазимодо бейнесін көптеген халықаралық байқаулардың Гран-при иегері Бақтияр Адамжан мен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рүстем Сейітбеков сомдады. Халықаралық байқаулардың лауреаттары Арман Оразов пен Серік Нақыспеков Фроллоның рөлін ойнады. Сондай-ақ, халық алдында Халықаралық байқаулардың лауреаттары Олжас Тарланов пен Еркін Рахматоллаев өнер көрсетті.

Қала тұрғыны Анастасия Гончарованың айтуынша, алматылықтар «Париж Құдай анасының соборы» қойылымын ұзақ күткен.

«Париж Құдай анасының соборын» асыға күттік, билетті астаналық театрдың келуіне үш апта қалғанда сатып алдық. Бұрын осы балетті тек Интернеттен ғана көретін едік, шетелге шығатын да мүмкіндігіміз жоқ. Ал енді жолымыз болып, керемет бағдарламасын ала келген «Астана Опера» труппасының гастролі қуантты. Гастролдік репертуарға дәл осы қойылымды енгізгені үшін театр басшылығына айтар алғысымыз шексіз», – деді Анастасия Гончарова.

Айта кетейік, «Астана Операның» қойылымын Алматы шаһарының әкімі Бауыржан Байбек те тамашалады.

Хабар 24 телеарнасы