389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде әзербайжандық драматургтің комедиялық мюзиклі сахналанды

  • 498
  • UPD: 07:55, 20.02.2018
Өскеменде әзербайжандық драматургтің комедиялық мюзиклі сахналанды

Өскемендегі Жастар театрында әзербайжан драматургі Үзейір Ғаджыбековтің «Аршын мал алан» комедиялық мюзиклі сахналанды.

Жас өнер ұжымының осы жанрдағы тұңғыш қойылымы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Ән мен би әсем үйлескен сахналық кеш үшін режиссер Гоча Хвичиа Грузиядан арнайы шақыртылыпты. Ғашықтық хикаясы баяндалған комедия келушілерін тек күлдіріп қана қоймай, терең ойға да жетелейді.

Айдос Нұрмағамбетов, актер:

- Мюзикл жанры – өте қиын жанрлардың бірі. Оның үстіне комедия. Ал комедия – мюзиклден бөлек өз алдына ауыр жанр. Барымызша тырыстық, бір ай көлемінде дайындалдық. Жалпы, біз үшін үлкен жетістік, жастар театры үшін үлкен жетістік.

Гоча Хвичиа, қоюшы-режиссер /Грузия/:

- Бұл – екі елдің шығармашылық байланысын нығайтатын бастама. Маған мюзиклді Жастар театры қоятынын айтқанда қатты қуандым. Себебі олар дарынды, жаңашылдықты тез меңгеріп алады. Біз аз ғана уақыттың ішінде осындай жетістікке қол жеткіздік. Премьера сәтті өтті.

Хабар 24 телеарнасы