380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Астана Опера» «Махаббат алауы маздайды» концертін ұсынады

  • 404
  • UPD: 11:39, 20.02.2018
«Астана Опера» «Махаббат алауы маздайды» концертін ұсынады thelondonpost.net

«Астана Опера» театрында «Махаббат алауы маздайды» концерті өтеді.

Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кеште опера жауһарларының өзге де кейіпкерлері ұсынылады.

Дж.Пуччинидің «Турандот» операсынан Лиу мен Калаф, «Богема» операсынан Мими мен Рудольф, Г.Доницеттидің «Махаббат шырыны» операсынан Адина мен Неморино бар.

Әлемдік операның лирикалық әйелдер бейнесінің топтамасын театрдың солисі Мәдина Исламова (сопрано) көрерменге паш етеді, онымен бірге Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Жылтыркөзов (баритон), солист Рамзат Балакишиев (тенор), оркестр музыканттары Балжан Сапарова (флейта), Любовь Ткаченко (арфа), Кирилл Красюков (скрипка) сахна төрінде жарқырайтын болады. Фортепиано партиясында – опера труппасының бас концертмейстері, «Мәдениет қайраткері» Елена Сахно.

Концерттің атауына Ақшақар ариясы арқау болды, оны Н.Римский-Корсаковтың «Ақшақар» поэзиялық операсындағы басты кейіпкер көрінісінде шырқайды. Композитордың нәзік Ақшақардың ерекше назды лирикалық бейнесін жасауының арқасында бұл көрініс әлемдік опера классикасының ең әсерлі эпизоды болып табылары хақ. Н.Римский-Корсаков осы операны өзінің үздік шығармасы деп санағанын атап өту керек.

Концерт «Астана Опера» театрының Камералық залында өтетін мерекелік музыкалық кештер топтамасының бастауы болмақ. Кештің басталуы сағат 19.00-де.

Хабар 24 телеарнасы